25.02.2022, 10:20
Оқылды: 52

Мәжіліс депутаты қоғамдық қабылдау өткізді

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мәлік Құлшар Бөкей ордасы ауданына келген жұмыс сапарында ауыл азаматтарын жеке қабылдауға уақыт тапты.

FB_IMG_1645764604143

Мәжіліс депутатының қабылдауына келген азаматтар аудан көлемінде шешімін таппай жүрген жеке мәселелерімен қатар, ауданның әлеуметтік экономикалық дамуына тікелей әсер ететін түйткілді мәселелерді көтерді.

Атап айтқанда, Сайфиден Қожантаев Сейтәлі қыстағына елді мекен мәртебесін берсе, тұрғындардың көгілдір отын мен таза ауыз су қызығын көруге жол ашар еді десе, жеке кәсіпкер Алмагүл Камалова Ресейге шығар шекара ашылса, жеке кәсіпкерлердің тауар тасымалы мехнатын азайтып,  аудандағы дүкендердің саудасын қыздырар еді деді. Қайрат Насимоллин полигон жерін қайтарып алсақ, малданғысы келетін ауылдастардың жер мәселелері шешілер еді деген ұсынысын айтты.

FB_IMG_1645764585295

Аудандық мәслихат депутаттары Лариса Қайырғалиева мен Бибігүл Жұмағұлова да түйткілді мәселелерді тілге тиек етті.

Мәжіліс депутаты барлық мәселе бойынша депутаттық сауал жолдап, жұмыстанатынын айтты.

Ұлпан Әнуарқызы,

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале