«Ақжайық» ФК кезекті үш ұпайын иеленді
1 Маусым 2023

«Ақжайық» ФК кезекті үш ұпайын иеленді

Оралда терроризмге қарсы жедел-тактикалық оқу-жаттығулар өткізіледі
1 Маусым 2023

Оралда терроризмге қарсы жедел-тактикалық оқу-жаттығулар өткізіледі

Ақбөкендер атамекеніне тұрақтап қалсын десек...
1 Маусым 2023

Ақбөкендер атамекеніне тұрақтап қалсын десек...

БҚО әкімі
1 Маусым 2023

БҚО әкімі "Балалар ауылына" барды

Оралдағы  NIS мектебін 76 түлек аяқтады
1 Маусым 2023

Оралдағы  NIS мектебін 76 түлек аяқтады

Өңір басшысы балаларды мерекемен құттықтауда (ФОТО)
1 Маусым 2023

Өңір басшысы балаларды мерекемен құттықтауда (ФОТО)

18.05.2022, 12:00
Оқылды: 70
Мәжіліс депутаты Сырымда

Бүгін Сырым ауданына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының және республикалық Референдумды қолдау тобының мүшесі Мәлік Құлшар іссапармен келді. Мәлік Иманқұлұлы аудандағы ірі құрылыс – Қособа және Жырақұдық  ауылдарына су тарту жүйесінің жұмысымен танысты.

13

Одан кейін ғимаратының тозығы жетіп тұрған аудандық балалар кітапханасын көрді. Күрделі жөндеуден өтіп, бүгінде ел игілігіне пайдаланылып жатқан «Қайсар» спорт клубына бас сұқты.

12

5 маусым күні өтетін Референдумды қолдау бағытында аудандық партия қоғамдық штабы мүшелерімен бірге білім саласы қызметкерлері, партия белсенділерімен кездесті. Конституциялық реформалардың бағыттары бойынша түсінік жұмыстарын жүргізіп, кездесуге қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар берді. Референдумға бір кісідей белсенді қатысып, дауыс беруге шақырды.

15

Кездесуге қатысушылар өз кезегінде Президенттің қазіргі таңдағы саясатын қолдайтындықтарын білдірді. Кездесуден кейін «AMANAT» партиясы Сырым аудандық филиалының ғимаратында қоғамдық қабылдау өткізді.

Шынар Молданиязова,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале