28.12.2020, 15:18
Оқылды: 66

Медиацияның маңызы артып келеді

Жыл өткен сайын медиацияның қолдану аясы кеңейіп, маңыздылығы артып келеді. Ежелден елімізде қолданылған бұл жүйе кейінгі жылдары сот процестерінде кеңінен қолданыла бастады.

 y-dMKsJl9-Y

Жуырда Бәйтерек аудандық №2 сотының төрайымы Бақытгүл Жәңгірованың онлайн режимде өткен ҚР «Неке және отбасы туралы» кодекстің 20-бабына сәйкес, ерлі-зайыптылардың арасындағы жанжалды болдырмау және отбасын сақтап қалу процесі аяқталды.

Тарқатар болсақ, талапкер Ш. өзінің арызында жауапкермен 20 жылдан астам уақыт бұрын некеге тұрғандығын, ортақ некеден 3 баласы барын, жауапкермен мінездерінің келіспеуіне және жұбайының бала тәрбиесімен айналысуынан бас тартуы салдарынан сотпен арадағы некені бұзуды өтініпті.

Сот төрайымы Бақытгүл Жәңгірованың айтуынша, істі қарау барысында бітімге келудің маңыздылығын түсінген тараптар дауды медиация тәртібімен тоқтатып, ерлі-зайыптылардың некесі сақталып қалған.

Нәтижесінде соттың шешімімен медиация жөніндегі келісім бекітіліп, арадағы некені бұзу жайындағы азаматтық іс тоқтатылыпты. Талап қоюшыға мемлекеттік баж төлемі қайтарылды. Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

 

Гүлжан Аязбаева,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале