14.12.2022, 9:00
Оқылды: 112

Медицина ардагеріне құрмет көрсетілді

«Бөкей ордасының құрметті азаматы», ҚСРО денсаулық сақтау ісінің үздігі», 2006-2018 жылдар аралығында Бөкей ордасы аудандық ауруханасының бас дәрігері қызметін атқарған ақ халатты абзал жан, бүгінде облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасының орынбасары Әділгерей Ғаббасов ағамыздың 70 жылдық мерейтойына арналған «Антына адал абзал жан» атты кездесу кеші өтті.

IMG-20221214-WA0016

Сұхбат түрінде өрбіген кештің тізгінін ардагерлер кеңесінің төрағасы Тілеген Арыстанбеков ұстады.

Шара барысында Әділгерей ағамыз жастық шағының естеліктерімен бөлісіп, жас дәрігерлерге деген кеңесін де айтты.

IMG-20221214-WA0005

Бұл кеште тек ән шырқалып, би биленіп қана қоймай, көрермендер де мерейтой иесіне алғыстарын білдірді.

IMG-20221214-WA0015

Өз кезегінде аудан әкімінің орынбасары Мейрамбек Аққалиев ата дәстүрімізбен Әділгерей ағамызға шапан жауып, тұлпар мінгізді.

IMG-20221214-WA0012

Аудандық аурухана директоры Анарбек Белисанов пен аудандық мәслихат аппаратының басшысы Ержан Айтқалиев сөз алып, сыйлықтарын табыс етті.

IMG-20221214-WA0008

Еркебұлан Рахметолла,

Бөкей ордасы ауданы

 zhaikpress.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале