19.10.2023, 21:46
Оқылды: 111

Мейірімділік – асыл қасиет

Адамға жақсылық жасау, қайырымдылық көрсету халқымыздың мақтан етерлік істерінің қатарына жатады. Бәйтерек ауданына қарасты Янайкин ауылында осындай жүрек жылуының көрінісі болып табылатын ізгі амал бағытындағы іс-шаралар жиі болып тұрады.

IMG-20231019-WA0011

Соның бірі таяуда «Аялы алақан» жобасы негізінде өтті. Ауылдық округ әкімдігінің бастамасымен және мәдениет үйінің ұйымдастыруымен болған іс-шара әсерлі болды. Онда ауылдағы мүмкіндігі шектеулі тұрғындардың үйлеріне барылды. Мүгедектігі бар Самал Жамболатова мен Еркебұлан Батырғалиевтің үйіне барған кезде ауыл әкімі Сәуле Аққаирова қайырымдылық айлығы аясында ауылда атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтып, жүрекжарды тілегін арнап, қолға алынған жобаның мақсатымен таныстырып, сыйлықтар табыстады.

IMG-20231019-WA0009

Іс-шара барысында ауыл өнерпаздары мен оқушылар шағын концерттік бағдарламасын ұсынды.

IMG-20231019-WA0012 (1)

Концерттен соң сөз алған мүмкіндігі шектеулі жандардың ата-аналары балаларын елеп-ескеріп жатқан ауыл басшылығына, мәдениет саласы қызметкерлеріне, оқушыларға ризашылықтарын білдірді.

Салтанат Зұлқарнаева,

Бәйтерек ауданы

Янайкин ауылы

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале