1.11.2022, 16:01
Оқылды: 38

Мектеп оқушылары арасындағы спартакиада

Бүгін Жаңақала аудандық спорт кешенінде аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің және аудандық «Jastar» спорт клубының ұйымдастыруымен 25 қазан – Республика күніне және 2022 жыл – Балалар жылына орай мектеп оқушылары арасында аудандық спартакиада өтуде.

1

Спартакиаданың ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Ақнұрлы Еслямғалиева, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Данял Танзенов, аудандық «Jastar» спорт клбының директоры Жанболат Гумаров және мектеп директорлары қатысты. Алдымен ҚР Әнұраны шырқалып, Көк Туымыз желбіреді.

2

Одан әрі Ақнұрлы Нұрғалиқызы сөз алып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Ашылу салтанаты аяқталған соң сайысқа сақадай сай тұрған командалар тартысқа толы шағын футболды бастап кетті.

3
Дүбірге толы додада Д.Нұрпейісова атындағы ЖОББМ, Е.Орақбаев атындағы ЖОББМ, Карманов мектеп-бөбекжай-балабақша кешені, М.Жүнісов атындағы ЖОББМ, М.Мирманов атындағы ЖОББМ, Пятимар ЖОББМ, С.Меңдешев атындағы ЖОББМ, Жаңақала мектеп-гимназиясы, №3 ЖОББМ, Жаңақала ЖОББМ командалары бақтарын сынауда. Қатысушы қыздар арасында волейбол, ұлдар арасында шағын футбол, үстел теннисі, тоғызқұмалақ арқан тартыс ойындарынан сынға түспек.

Райхан Хамзина,
Жаңақала аданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале