31.08.2021, 17:14
Оқылды: 75

Мектеп түлектерінің туған ауылға тартуы

Бостандық ауылының 1984 жылғы азаматтары Казталов-Орал бағытындағы тас жол бойына «Bostandyq aýyly» белгісін орнатты.

IMG_0670

Ерекше назар аудартатын композицияда ауыл атауы латын қарпінде жазылып, Сарыөзен бойын мекен еткен ауылдың мектебі, балабақшасы, бокс залы, мәдениет үйі, әкімшілік аппараты бейнеленіп, жыр шумағы жазылған. Композицияның орнатылуына себепші болған 2001 жылы мектеп бітірген түлектердің бірі Мейірбек Ибатовпен сұхбаттастық.

- Тұғырлы тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында және Конституция күніне орай  түлектер бас қосып, естелік ретінде ауылымызға кіреберіс белгі орнатуды жөн көрдік. Белгіге ауылымыздың бірқатар ғимараттарының суреттерін орнатылды. Жалпы белгіні орнату үшін 1 млн теңгеге жуық қаражат жұмсалды. Биіктігі жер бетінен 2,5 метр болса, ені 3,5 метр. Бұл композиция туған жерге деген ыстық сезім мен құрметіміздің белгісі деп білемін, - деді ол.

IMG_0672

Бостандығым – менің туған мекенім,

Саған әркез сағынышпен жетемін,

Сенен алыс кеткенімде түсіндім

Туған жердің сондай ыстық екенін, - деп жырлаған түлектердің игі ісі ауыл тұрғындарының да көңілінен шығып, алыс-жақын аймақтағы бостандықтықтардың әлеуметтік желілеріндегі парақшаларынан көрініс тауып жүр.

IMG_0674

Асылбек Нәсіпқали,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале