27.08.2021, 12:33
Оқылды: 32

«Мектепке жол» акциясы жалғасуда

Бәйтерек ауданында дәстүрлі «Мектепке жол» акциясы жалғасуда. Жуырда аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы, «ЖасДем» қоғамдық бірлестігі, ішкі саясат бөлімі мен аудандық мәслихат депутаттарының Переметный ауылдық округінің бір топ бүлдіршіндеріне мектеп құралдарын тарту етті.

IMG_6822

«Nur Otan» партиясының аудандық филиалы ғимаратында өткен игі шараға ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұржан Дүзбатыр, жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық басшысы Жанар Губашева, аудандық мәслихат депутаты Ұлданай Сейітқалиева және ата-аналар қатысты.

- Індет әсерінен туындаған қиыншылық оңайға соғып жатқан жоқ. Сол себепті жергілікті атқарушы органдар тарапынан әлеуметтік осал топтағы отбасыларға көмек көрсетілуде. Аталған акцияның үлкен тәрбиелік мәні бар деп есептеймін. Өскелең ұрпаққа қолдау көрсету, балаларымызды елжанды азамат болып ер жетуі мен бойларындағы патриоттық сезімнің дамуына септігін тигізбек. Алдағы уақытта жастарға үлгі көрсетіп, мұқтаж азаматтарымызға қолдау көрсетуге күш саламыз, - деді аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұржан Дүзбатыр.

IMG_6829

Шара соңында оқушылар мен олардың ата-аналарына оқу құралдары салтанатты түрде табысталды. Игі бастаманы қолға алып, шын мұқтажға көмегін аямаған акция ұйымдастырушыларына көпшілік алғыстарын жеткізді.

 

Аружан Аманжол,
Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале