2.09.2020, 9:29
Оқылды: 84

 «Мектепке жол» акциясына аудан мешіттері де үлес қосуда

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Бөрлі және Жаңақала аудандық мешіттерінде «Мектепке жол» акциясын өткізді.

Meshit acsia (1)

Көпбалалы және әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың ұл-қыздарына мектепке қажетті құрал-жабдықтар сыйлады. Ауданның әр баласына арнайы сөмкелер берілді.

Meshit acsia (2)

Көпбалалы отбасы балаларына қолдау көрсету мақсатында дəстүрге айналған «Мектепке жол» республикалық акциясына биыл Бөрлі аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы, "Volunteers aksay" еріктілері мен "Адам бол", "Берекелі жамағат" қайырымдылық қорлары 100 сөмке жəне арнайы оқу құралдарын алып беріп, өз үлестерін қосты.

Meshit acsia (3)

   Бұл дәстүрлі шара тек Орал емес, ауданда және ауылда да өткен. Басты мақсат - әлеуметтік аз қамтылған оқушыларды киім-кешек, кеңсе тауарлары мен оқуға қажетті дүниелермен қамтамасыз етіп, демеу жасау.

                                                   ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале