27.10.2021, 15:22
Оқылды: 41

«Мектепке жол» – қайырымдылық жолы!

«Мектепке жол» – бір реттік науқан емес, жүрек жылуының шынайы көрінісі. Сырым ауданы Жырақұдық орта мектебіндегі шарадан сондай ой түйдік.

b84dceb092ca0041638a0b7b1ae31716

Аудандық саз мектебі, аудандық кітапхана, №39 жол пайдалану мекемесі, Қособа ауылдық округі әкімдігі және Т.Таубаев, Қ.Сұлтанияров, ардагер-ұстаз А.Құсайынова секілді жекелеген жанашырлар мектебіміздің 30 оқушысына сөмке мен оқу құралдарын алып беріп, қуанышқа кенелтті. Ал жеке кәсіпкер Б.Кенжеғалиева мен «Кеңес» шаруа қожалығы да әлеуметтік жағдайы әлжуаз отбасылардың балаларына мектепке қажетті киімдер сыйлады.

Бұл қайырымдылық бастамасынан мектеп ұжымы да қалыс қалмай, Жырақұдық мектебінің қызметкерлері 1-сынып бүлдіршіндеріне оқу құралдарын тарту етті. Осы акция арқылы оқушыларға бюджеттен тыс 156 000 теңгеге көмек көрсетілді.

 Фариза Бекжанова,

Жырақұдық орта мектебінің қызметкері

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале