22.08.2023, 22:59
Оқылды: 23

«Мектепке жол» жалғасады

Әне-міне денеше, жаңа оқу жылы басталады. Оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу мақсатындағы «Мектепке жол» акциясы қарқын алды.

мектепке жол аудан 1

Аудандық білім беру бөлімінің басшысының міндетін атқарушы Нұрбол Темірбеков акция жайында былай дейді:

Ауданымыз бойынша 22 мектеп бар. Биылғыоқу жылын 3150 баламен бастаймыз деп отырмыз. 2008 жылғы 25 қаңтарындағы 64 қаулысына сәйкес5 санатқа сәйкес келетін 790 отбасының 1289 баласы 40567 теңгелік көмекке өтініш білдіріпотыр. Оларға ақша аударылу үстінде. Кәсіпкерлертарапынан «Мектепке жол» акциясы аясында 40 оқушыға 774 мың теңге көлемінде көмеккөрсетілуде. Бұл жұмыстар әлі де жалғасынтабады.

мектепке жол аудан 2

«Мектепке жол» акциясына барлық деңгейдегімекеме басшылары, аудан әкімдігінің басшылары,кәсіпкер азаматтар, мемлекеттік қызметкерлер, үкіметтік емес ұйымдар, тұрғындар атсалысаалады. Акцияға қатысуға ниет білдірген барлықазаматтар аудандық білім беру бөлімінехабарласып, көмекке мұқтаж балалардың тізімінала алады.


Шынар Молданиязова,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале