15.08.2023, 14:30
Оқылды: 19

«Мектепке жол» жалғасып жатыр

Тамыздың 1-інен бастап облыс аумағында дәстүрлі «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы басталды. Іс-шараның мақсаты – жаңа оқу жылына дайындық кезінде табыс-кірісі аз және көпбалалы отбасылардан шыққан, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға қолдау көрсету, баланың әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалуының алдын алу.

Мектепке жол

Тасқала ауданында жеке кәсіпкерлердің, мектеп ұжымының, кәсіподақ пен «Аmanat» партиясы аудандық филиалының демеушілігімен аталмыш санатқа жататын отбасының балаларына көмек көрсетілуде. Бірқатарына тоқталсақ, жалпы білім беру қорынан аудандағы 59 оқушыға 2,393 000 теңге (әр оқушыға 40 567 тг), «Amanat» партиясынан алты балаға 100 000 теңге көлемінде қаржылай қолдау көрсетілді.

Ал республикалық «Алыстағы ағайын» жобасы бойынша төрт бүлдіршін кеңсе тауарларымен қамтамасыз етілді. Жеке кәсіпкерлер де өз үлестерін қосуда.

Тасқала аудандық білім беру бөлімі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале