27.05.2023, 1:14
Оқылды: 24

Мектепте өткен тағылымды кездесу

 

Бөкей ордасы ауданы Бисен ауылының тумасы, физика және математика ғылымдарының докторы, Әл-Фараби атындағы ҚазМУ-дың профессоры Мирболат Сихов М-С.Бабажанов атындағы мектепке арнайы ат басын бұрып, оқушылармен кездесті. Аудан орталығындағы екі мектептің шәкірттерімен өткен шарада ғалым ағамыз зиялылықтың биік үлгісін көрсетті.

IMG-20230526-WA0123

 

Ағалық жанашырлықпен, ұстаздық парасаттылықпен керемет кеңес берді. Өзінің оқушылық кезеңінен естелік айта отырып, мамандық таңдау, алтын уақыттың қадірін білу турасында ойларымен бөлісті.

- Байлық қолға ұстаған мұзбен тең. Негізгі капитал білім. Басыңдағы білімің - байлығың. Ешқандай инфляцияға ұшырамайды, білімді адам кез келген дағдарысқа төтеп береді. Төтеннен жол табады. "Время - единственная реальная валюта" деп Илон Маск айтпақшы, тар қазіргі сәттің, уақыттың бағасын біліңіздер, - деді.

IMG-20230526-WA0128

Ғалым ағамыз оқушылардың сауалдарына жауап беріп, перзенттік парызы ретінде алдағы уақытта математика бойынша семинар-кеңестер өткізуді қолға алынатынын айтып, қуантты. Ағамыз үшін бұл алғашқы жоба емес. Бұған дейін туған ауылында математика пәндерінің мұғалімдерінің басын қосып, семинар-кеңес өткізген еді.

Алматылық қонақтың үзеңгілес досы Мәлік Құлшар ағамыз қатарластары атынан Мирболат Сиховтың иығына шапан жауып, құрмет көрсетті.

Мектеп директоры Фархат Мұқатов білім ұясына бет бұрып, мағыналы кездесу өткізген ұстазға үлкен алғысын білдірсе, аудандық ардагерлер кеңесінің Тілеген Арыстанбеков түлектерге батасын беріп, ақ жол тіледі.

Ұлпан Әнуарқызы,

Бөкей ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале