23.11.2021, 11:40
Оқылды: 50

Мектептегі тағылымды кеш

Бәйтерек ауданының білім ордалары ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған түрлі шараларды жоғары деңгейде ұйымдастыруда. Жуырда Қасым Қайсенов атындағы мектеп ұжымы  «Асыл жанды жүрек» атты кездесу кешін өткізді. Оған 43 жыл өмірін медицина саласына арнаған Құрманай Менсызбайқызы қатысты.

қасым қайсенов (2)

Жас ұрпаққа егемендіктің қалай келгенін, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы қиын-қыстау кезеңдердегі елдің жағдайын жеткізу мақсатында ұйымдастырылған кеш көпшіліктің қызығушылығын тудырды.

43 жыл дәрігерлік қызмет атқарып, халыққа қиын кезде қолдау көрсете білген кеш қонағы оқушыларға өзінің өмір жолын таныстырып, ел басынан өткен қиын кезеңдердегі оқиғаларымен бөлісті. Бүгінгідей мамыражай күніміз оңайлықпен келмегенін айтқан ауыл дәрігерінің не бары 25-30 жыл бұрын болған шақтардағы адам сенгісіз әңгімесін оқушылар ұйып тыңдады.

қасым қайсенов (4)

Сондай-ақ оқушылар кеш қонағына дәрігер мамандығын не себепті таңдағаны және басқа да қызықты сұрақтар қойып, жауап алды.

Одан бөлек шара барысында мектеп ұстаздары дайындаған Құрманай Менсызбайқызы туралы бейнефильм көрсетілді.

Шара соңында мектеп директоры Гүлмира Жиналиева Құрманай Менсызбайқызына алғыс білдіріп, оқушылардың өз қолымен жасалған сыйлығы табыс етті.

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале