14.02.2020, 16:21
Оқылды: 91

Мемлекеттік инспектор Теректі ауданына келді

Теректі ауданына Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Дәурен Байтулешов жұмыс сапарымен келді.

terekti 1 (2)

Құрметті мейман өз  сапарын Подстепный ауылындағы қазақ мектебінен бастады. Мұндағы басты мәселе – бала тығыздығы. Сабақ қазір үш ауысымда жүргізіледі. Одан кейін инспектор Әйтиев ауылындағы «Теректі өнімдері» ЖШС жылыжайына аялдап, оның жетекшісі Нариман Купешовтен шаруа жайына қанықты. Жылына екі қайтара жиын-терім жүргізілетін жылыжайдан қазір 2-3 күн сайын 300-400 келі қияр облыс аумағына саттыққа жөнелтіледі екен.

terekti 1 (3)

Келесі нысан – «Теректі май комбинаты» ЖШС болды. Аудан, облыс тұрмақ, шетелге өсімдік майын шығаратын комбинаттың жұмысы қалыпты. Күнбағыс дәндерінен май сығылса, қалдықтары мал азығына пайдаланылатын көрінеді. Ал енді Долин ауылындағы қабырғасы 1967 жылы қаланса да, содан бері жөндеу көрмеген орта мектеп ғимаратын көрген Дәурен Байтулешов мұнда тек күрделі жөндеу ғана емес, жалпы ауылға көгілдір отын керектігін байқады.

Сапар соңында мемлекеттік инспектор аудан орталығындағы «Қазына» коворкингі мен жаңа кәсіпкерлік нысан – «Теректі» сауықтыру кешенінде болып, ауыл адамдарымен тілдесті.

Камелия Қарекесова

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале