18.06.2026, 16:45
Оқылды: 10

Мемлекеттік қызмет: Ар. Аманат. Адалдық

Бөрлі ауданында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Мұрат  Байсалов жұмыс сапарымен келді.

image-12-06-26-06-18-2

Мұрат Сейлбекұлы алдымен аудан активі кездесті.

Кеңейтілген форматтағы кездесу алдымен мемлекеттік қызметшілермен және аудан активімен өтті. Онда мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға енгізілген соңғы өзгерістер, қызметтік әдеп нормаларын сақтау, кадрлық тұрақтылық және мемлекеттік аппараттың тиімділігі сынды тақырыптар қозғалды.

image-12-06-26-06-18-6

Агенттік басшысы өз сөзінде мемлекеттік қызметтегі реформалар, заңнамадағы жаңашылдықтар мен мемлекеттік қызметшілерге қойылатын кәсіби талаптар жөнінде баяндады. Сонымен қоса мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру, жетілдіру, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау және жастарды қолдау бағытында да бірқатар ақпараттар берді.

Осы аталған кездесу барысында, қызметтік міндеттерін үлгілі атқарып, жоғары нәтижелерге қол жеткізген бірқатар мемлекеттік қызметшілерді Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының Алғыс хатымен және Құрмет грамотасымен, сондай-ақ Агенттіктің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының Алғыс хатымен марапаттады.

image-12-06-26-06-18-3 Олардың қатарында Приурал ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Айсара Махсутова, Бөрлі ауданы әкімі аппаратының бас инспекторы Ақбөбек Нығметова, аудандық экономика және қаржы бөлімінің бас маманы Жанаргүл Сарамбетова, Ақсай қаласы әкімі аппаратының бас маманы Даргүл Құбжанова бар.

image-12-06-26-06-18-1

Қызметтік автокөлік - қызмет үшін!

Жоғарыда аталған жиыннан соң, қызметтік автокөліктерді мақсатсыз пайдаланудың алдын алу және олардың қатысуымен жол жүрісі қағидаларының бұзылуына қоғамдық бақылауды күшейту мақсатында арнайы жапсырма дизайнының жобасы мен заң бұзушылықтар туралы уәкілетті органдарға хабарлау алгоритмін таныстыра отырып, мемлекеттік қызметшілердің қызмет көлігіне мемлекеттік органдардың барлық қызметтік көліктеріне транспортты жеке мақсатта пайдаланбау керектігін білдіретін белгілер жапсырылды.

image-12-06-26-06-18-1 (1)

Бұл жапсырмалар мемлекеттік қызметшілердің қызметтік көлікті жеке мақсатта пайдалану фактілерін болдырмау мақсатында енгізілуде.

Жеке қабылдау

Департамент басшысы Азаматтарды қабылдау орталығында аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізді. Қабылдау барысында тұрғындар еңбек құқықтарының сақталуы және жұмыс берушінің заң талаптарын орындауы, жұмысқа қабылдау және жұмыстан босату тәртібі, еңбек даулары мен жалақы төлеуге қатысты мәселелер, әдеп нормаларын сақтау және мемлекеттік қызметшілердің әрекеттеріне қатысты өтініштер бойынша сұрақтарын қойып, тиісті жауаптар мен түсіндірмелер алды.

image-12-06-26-06-19-2

Сонымен қоса сыбайлас жемқорлыққа қарсы дайындалған ақпараттық акциясы да ұйымдастырылып, аудан тұрғындарына ақпараттық парақтар үлестірілді. Аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі де «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» атты ашық кітап көрмесін ұйымдастырып, келушілерге қоғамдағы адалдық, әділдік және заң үстемдігін насихаттайтын танымдық әдебиеттер мен құқықтық ақпараттық материалдар ұсынды.

Ой мен білім алаңы

Мұрат Сейлбекұлы ауданының орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің Мемлекеттік қызметші күні мен «Кітаппен 100 күн» марафонын қолдау аясында ұйымдастырған «Ой мен білім алаңы» библиокуизіне де қатысты.

акимат

Зияткерлік сайысқа ауданның мемлекеттік қызметшілері қатысып, өзара білім мен біліктілік тұрғысынан бақ сынады. Қатысушылар Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, «Заң және тәртіп» қағидаттары, қоғам мен мемлекет, әдебиет, тарих, өлкетану және басқа да тапсырмалар бойынша білімдерін ортаға салды.

Сайыстың ашылу салтанатында  департамент басшысы алғы сөз сөйлеп, қатысушыларды Мемлекеттік қызметші күнімен құттықтап, сайысқа қатысушы командаларға сәттілік тіледі. Ол өз сөзінде мемлекеттік қызметшінің кәсіби біліктілігімен қатар құқықтық сауаттылығы мен үздіксіз білім алуының маңыздылығына тоқталды. Аталған сайыста  мемлекеттік қызметшілер 4 топқа бөлініп, команда болып, білімдерін ортаға салды. Қатысушылар, өздерінің сайысқа жоғары дайындықтарын, жауапкершіліктерін, ең бастысы зеректігі мен тапқырлығын, ұйымшылдығы мен жылдам шешім қабылдау қабілеттерін көрсетті. Әр кезең қатысушыларға тың білім беріп қана қоймай, командалық рух пен достық қарым-қатынасты нығайтуға мүмкіндік сыйлады. Сайыс қортындысы бойынша І орынды «ORTA» тобы, ІІ орынды «Алтын Орда» тобы, ІІІ орынды  «Ақсай» тобы өзара бөлісті.

Белсенді қатысқаны үшін «Парасат» тобы Алғыс хатпен марапатталды.

Шара соңында Бөрлі ауданы әкімі аппаратының басшысы Ерік Төлепқалиев жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттап, олардың білім мен парасатқа негізделген жетістіктерін атап өтті.

 

 

 Сәнім Меңдібай

Бөрлі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале