13.12.2023, 15:30
Оқылды: 13

Мемлекеттік қызмет саласына өзгерістер енгізіледі

 

Казталов ауданында мемлекеттік қызмет саласындағы өзгерістерді түсіндіру бойынша жиыны өтті.

image-13-12-23-09-10-1

Жиынға Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысындағы департаменттің басшысы Мұрат Байсалов, аудан әкімі Асланбек Сарқұлов, аудан әкімі орынбасарлары, аппарат басшысы, қоғамдық кеңес мүшелері және мемлекеттік қызметшілер, үкіметтік емес ұйым өкілдері, ауылдық округ әкімі аппараттары (онлайн режимінде) қатысты.

image-13-12-23-09-10

Мұрат Байсалов әдеп жөніндегі кеңес төрағасының жұмыс жоспарына сәйкес мемлекеттік қызметке жастарды шақыру, орналастыру және өткеру барысы туралы түсіндіру бойынша және мемлекеттік қызметтегі оң өзгерістер, мемлекеттік қызметшінің әдебі және оларға қойылатын талаптарды сақтау мәселелерін түсіндіру жұмысына тоқталды.

Сонымен қатар Казталов аудан әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкіл Нұрсұлтан Қаримуллаұлы аудан бойынша кадрлық мәселелер, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және Әдеп жөніндегі уәкілдің 2023 жылдың басынан атқарылған жұмыстары туралы хабарлама жасады.

Жиын соңында мемлекеттік қызметшілер өздерінің толғандырған сауалдарына тұшымды жауап алды.

Гүлнұр Бөлешова,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале