25.06.2022, 13:40
Оқылды: 68

Мемлекеттік қызметкерлер спорттан бақтарын сынауда

Бүгін Жаңақала ауданында Мемлекеттік қызметкерлер күніне орай аудан әкімі аппаратының қолдауымен, аудандық «Jastar» спорт клубының ұйымдастыруымен көпшілік спорттық шаралар өтуде.

8038E857-2509-4837-BB0C-0D49BD802729

Жарыстың ашылу салтанатына аудан ардагерлері Қайырғали Жаймов, Марат Нұрғалиев, аудан әкімі аппаратының басшысы, әдеп жөніндегі уәкілі Айдар Қаресов, аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру бақылау бөлімінің басшысы Марс Такесұлы, мәдени демалыс орталығы басшысы Мұхит Сисенов, аудандық спорт кешенінің басшысы Жанболат Гумаров қатысты.  Одан әрі Қазақстан Республикасының көк туы желбіреп, әнұраны шырқалды. Айдар Қаресов құттықтау сөз сөйлеп, жарысқа қатысушы командаларға сәттілік тіледі. Ашылу салтанаты барысында Мерей Жұмашев «Атамекен» әнін шырқап, қатысушыларға жігер сыйлады.

Жарыстың ашылу салтанаты аяқталған соң сайысқа сақадай сай тұрған қатысушылар волейбол жарысын бастап кетті. Спортшылар волейбол, асық ату, қол күресі, арқан тартыс сынды спорт түрлерінен бақтарын сынауда. Дүбірге толы додаға «Қыран», «Достық», «Нарын», «Солтүстік», «Олимп», «Сұңқар» командалары қатысуда. Көпшілік спорттық шаралар тартысты өтуде.

Райхан Хамзина,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале