24.06.2023, 23:09
Оқылды: 43

Мемлекеттік қызметшілер мен полицияға құрмет көрсетілді

23 маусым – ҚР мемлекеттік қызметшілері мен полиция қызметкерлері күні! Қос мереке аясында аудандық Мәдениет үйінде концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, сала үздіктері марапатталды. Айту керек, бұл күні өз ісінің нағыз майталмандарына құрмет халық атынан көрсеткен кәсіпкерлер де марапаттаушылар қатарынан табылды. Салтанатты рәсім сахна төріне мемлекеттік Тудың көтеріліп, Әнұранның әуелеуімен басталды.         IMG_20230624_171348_946Құттықтау сөзінде аудан әкімі Марат Тоқжанов қос саланың маңызына тоқталып, атаулы күн иелеріне адал еңбекпен абырой биігінен табылыңдар деген тілегін жеткізді. «Мемлекетке қызмет ету оңай іс емес. Жауапты міндетті мойнына алған тұлғаға қойылатын ең басты талап – адалдық. Халықтың қамын жеп, еліміздің әлеуметтік-экономикалық әлеуетті көтеру негізгі мақсат болуы тиіс. Қоғамдағы тәртіптің сақталуы, әр азаматтың құқығын қорғау мен құрметтеу, ел тыныштығы жолында полиция қызметкерлерінің еңбегі елеулі. Уақытпен санаспай, кей сәттерде өз өмірін қауіп-қатерге тігіп, халықтың мұң-мұқтажын жоқтап жүрген мерейлі міндет иелерін айтулы күнмен құттықтап, алғыс білдіремін!» деді Марат Лұқпанұлы!

IMG_20230624_171157_318

Салтанатты шара барысында «Қызмет» Мемлекеттік банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің  БҚО филиалының төрағасы Серік Сүлейменнің белсенді қызметі үшін төсбелгісі аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ержан Туксамбаев, Янайкин ауылдық округінің әкімі Сәуле Аққайырова және аудандық ауыл шаруашылығы  және кәсіпкерлік бөлімінің кәсіпкерлік саласын басқару секторының меңгеруші Гүлжиян Жангузинаға табысталды.  Сондай-ақ мемлекеттік қызметшілер Наталья Мозунова, Салтанат Басшиева, Ғалия Иргалиева, Наталья Криуля, Гүлнар Майманова, Талғат Молтуганов «Қызмет» Мемлекеттік банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің  БҚО филиалының төрағасы Серік Сүлейменнің Құрмет грамотасымен, Асылбек Омаров, Наталья Шайдурова, Альбина Исаева, Айжан Кужиева ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің БҚО бойынша депатаментінің басшысы М.Байсаловтың Алғыс хатымен, Ақкүміс Турсынгалиева, Азамат Намазов БҚО әкімі Нариман Төреғалиевтің Алғыс хатымен, Ауған Альмурзин, Әбубәкір Тулеуов, Жәнібек Аманғалиев, Есбол Абдулов, Бахтияр Гимединов, Светлана Ибрагимова, Нұрлан Тулебалиев, Жұлдыз Малаева, Жәдігер Дарменов, Қазбек Хабиев, Мейрам Куйшбаев, Галия Дюсекенова, Жанна Аманғалиева, Рустам Сарсанов, Гүлжан Джумалиева, Әсет Аманғожиев, Батырбек Джуликенов аудан әкімі Марат Тоқжановтың Алғыс хатымен марапатталды.

IMG_20230624_171328_784

Полиция қызметкерлері Роман Ксенофонтов, Жанар Дошимова, Мейрамбек Қаналиев, Камил Ибрагимов, Мақсат Айтқалиев, Бауыржан Абдугажиев,  Фархад Булеков, Нариман Джамбасаров, Ерлан Ракишев, Райымбек Маратов аудан әкімі Марат Тоқжановтың Алғыс хатын иеленді.

IMG_20230624_171147_993

Шараның тағы бір ерекшелігі бұл күні мемлекеттік аппарат пен бизнес арасындағы байланысты нығайтып, бизнес өкілдері арқылы халыққа қызмет қылатын мамандардың шын бағасын айқындау мақсатында кәсіби мереке иелерін аудан кәсіпкерлері де құттықтап, Алғыс хаттарын ұсынды.  Атап айтсақ,   «Жаңа әлем» Шаруа қожалығының жетекшісі Анатолий Кан аудан әкімінің орынбасары Мұрат Байменовке, аудандық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Лауаз Уәлиевке, Мичурин ауылдық округ әкімі Максим Мусалимовке, облыстық мәслихат депутаты Есен Сүндетов Янайкин ауылдық округ әкімі Сәуле Аккаироваға, Көшім ауылдық округ әкімі Ауған Альмурзинге, Щапов ауылдық округ әкімі Біржан Нурбаировке, «Алтын бидай» шаруа қожалығының жетекшісі Бекболат Мухашев Январцев ауылдық округінің әкімі Абылай Жұмағалиевке, «Everest Trade Company» ЖШС директоры, аудандық мәслихат депутаты Қуаныш Мырзағалиев аудан әкімі орынбасары Мұрат Залмухановқа, «Ливкино» шаруа қожалығының директоры Михаил Марченко аудан әкімінің орынбасары Мұрат Бәйменовке, аудандық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің ауыл шаруашылығын басқару секторының меңгерушісі Серик Ищановке, аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Александр Полежаевке, Бәйтерек аудандық ветеринариялық станциясының басшысы Әсет Әубекеровке, Переметный ауылдық округінің ветеринариялық пунктінің жетекшісі Асылхан Бабатаевқа, «ШамШың» ЖШС құрылтайшысы, аудандық мәслихат депутаты Бекболат Шканов Трекин ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Гүлнар Оразоваға, «ДСК Приоритет» ЖШС директоры Жанна Кенжина аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысы Аслан Даубаевқа, аудандық экономика және қаржы бөлімі басшысы Ерлан Туксамбаевқа, «АгросервисБатыс» ЖШС жетекшісі, аудандық мәслихат депутаты Армат Бисенов аудан әкімі Марат Тоқжанов, Сұлукөл ауылдық округінің әкімі Жасұлан Қойшыбаев, Чиров ауылдық округінің әкімі Николай Штыкке, «Урожай» шаруа қожалығының директоры Юлия Кан аудан әкімінің орынбасары Мұрат Байменов, Бәйтерек ауданының полиция бөлімі көші-қон қызметі тобының инспекторы, полиция аға лейтенанты Севда Гусейнова, аудандық мәслихат депутаты Ернар Хайдаров Достық ауылдық округі әкімі аппаратының бас мамандары Зауре Байкенова, Мейрам Куйшбаев, Достық ауылдық округі әкімі аппаратының қызметкері Анна Рыбкинаға, «Ижанова А.А.» жеке кәсіпкерлігінің басшысы, аудандық мәслихат депутаты Әсел Ижанова Переметный ауылдық округ әкімі Алексей Герасимовке Алғыс хат пен естелік сыйлықтар табыстады.

IMG_20230624_171440_088

Салтанатты шара концерттік бағдарламамен түйінделді. Сахна төрінен төгілген патриоттық әндер көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Нұрсәуле Әбілпейісова,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале