4.06.2018, 14:23
Оқылды: 5

Мемлекеттік рәміздер күні Қазталовта да атап өтілді

4 маусым –  Мемлекеттік рәміздер күні Қазталовта да атап өтілді.

Мереке күні аудан орталығында белгіленген маршрутпен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздері күніне арналған мерекелік автошеру аудан орталығындағы басты көшелер арқылы өтті.

Мерекенің салтанатты шарасы «Достық» саябағында жалғасты.

Шарада мемлекеттік рәміздерді насихаттауға үлес қосқан мекеме басшылары аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

Мерекелік шара соңы аудан көркемөнерпаздарының мерекелік концертіне ұласты.

Қайрат ЖАҚЫП,

Қазталов ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале