4.06.2023, 9:34
Оқылды: 27

Мемлекеттік рәміздер күніне орай велошеру өтті

4 маусым - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай, салауатты өмір салтын қолдау және жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеп, өз рәміздерімізді насихаттау мақсатында Бәйтерек ауданы орталығы - Переметныйда велошеру өтті.

IMG_20230604_010755_177

Шарада Переметный ауылдық округінің әкімі Алексей Герасимов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мәлік Өтешов сөз алып, мерекемен құттықтады.

IMG_20230604_010812_266

Велошеруге 60-тан аса ауыл тұрғындары мен жастар қатысты. Мерекелік велошеру "Бейбітшілік келісім" саябағында бастау алып, Жеңіс, Бейбітшілік, Мұхаметжанов көшелерімен жалғасып, Мәңгілік ел" монументінде тәмәмдалды.

IMG_20230604_010744_017

IMG_20230604_010705_612

Сәлім Мәмбеталиев,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале