4.06.2023, 16:43
Оқылды: 64

«Мемлекеттік рәміздер – Тәуелсіздік символы»

4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай Бәйтерек ауданы орталығында  ұйымдастырылған салтанатты шара шерумен басталды. 

IMG_20230604_153222_457

Қолына ту мен жалаушалар ұстаған аудан орталығындағы барлық мекеме, кәсіпорын, қоғамдық ұйым ұжымдары, мектеп түлектері және спортшылар көңілді әуен аясында орталық көше бойымен жүріп өтті. 500-ге жуық адам қатысқан шеру кейін орталық алаңға бас тіреді. Кейін салтанатты шара «Мемлекеттік рәміздер – Тәуелсіздік символы» атты мерекелік концертке ұласты.

IMG_20230604_152847_060

-Құрметті жерлестер! Баршаңызды бүгінгі айтулы мерекемен шын жүректен құттықтаймын. Бұл күн - қазақстандықтар үшін басты мерекелердің бірі. Мемлекеттік рәміздер – кез келген мемлекет дамуының ажырамас бөлігі. Сондықтан да қолымызға ұстаған туымыз тек биікте желбіреп, еліміз өркендей берсін! Дендеріңіз сау болсын, - деді аудан әкімі Марат Тоқжанов.

IMG_20230604_152645_575

Шарада аудандық мәдениет үйі өнерпаздарының әуелете шырқаған патриоттық әндері көрермен қауымға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

- Өзім футбол және бокстан түрлі деңгейдегі сайыстарға қатысып жүрмін. Жарыста әнұранымыз шырқалып, көк байрағымыз көтеріледі. Елім деген әрбір сөзі, нақышы болсын көңіліңде, жүрегіңде бір патриоттық сезімді, Отанға деген сүйіспеншілікті арттырады, - деді аудан спортшысы, облыстық сайыстардың жеңімпазы Диас Бермағамбетов,

IMG_20230604_164622_952

-Біздің халқымыздың тарихы терең де бай, өткенімізді ұмытпауымыз керек. Сан жылдар армандап, егемендігіне қол жеткізе алмаған елдер қаншама?! Өскелең ұрпақ мемлекеттік тілде сөйлеп, көк туының астында еркін жүргеннен артық бақыт жоғын сезініп өсуі тиіс. Қасиетті рәміздерді мақтан тұтуға баулу – біздің азаматтық борышымыз. Бүгінгі қастерлі мерекеде баршаңыздың жанұяңызға бақыт пен береке, дендеріңізге саулық тілеймін, - деді «Қазақ аналары - Дәстүрге жол» РҚБ Бәйтерек ауданындағы филиалының төрайымы Сәуле Оразбекова.

IMG_20230604_164606_263

IMG_20230604_164530_822

Нұрсәуле Әбілпейсова,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале