29.03.2021, 8:55
Оқылды: 95

«Менің аулам – менің бағым» жобасы аясында грант берілуде

Қаратөбе ауданы әкімдігінің мәжіліс залында "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасына қатысушыларға жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар алушы үміткерлердің өтініштерін қарау жөніндегі аудандық комиссия отырысы өтті.

0075ED4E-8217-402A-9EBB-039FA3F625DC Онда "Менің аулам - менің бағым" жобасы аясында өздерінің жеміс-жидек теректерін отырғызу бағытында бизнес идеяларын жүзеге асырғысы келетін үміткерлердің жобалары қаралды. Биылғы грант қаражатының мөлшері 583 400 теңгені құрайды.

- Бау-бақша өсірудің пайдасы мол. Өйткені жеміс-жидектерге, сондай-ақ одан өндірілген өнімдерге нарықта сұраныс мол. Өзім үйде бақша егіп, жылда жемісін көріп келемін. Сіздермен де тығыз байланыста болып, тәжірибе алмасатын боламыз, - деді комиссия отырысында аудан әкімінің орынбасары Жасұлан Кәрелұлы.

«Менің аулам – менің бағым» деп аталатын жаңа бизнес-идея жергілікті нарықтағы жеміс-жидек бағасын тұрақтандырып, бағбандарға мемлекет тарапынан қолдау көрсетуді көздейді. Ал ауласында бау-бақша өсіретін жерлестерімізге тәжірибелі бағбандар тәлімгер болмақ. Олар жеміс ағаштарының көшеттерін ұсынумен қатар, баптау бойынша да кеңестерімен бөлісіп отырмақ. Ол үшін көшет отырғызатын жеріңіз бен қолға кетпен ұстап, ерте көктемнен қара күзге дейін еңбек етуге деген ниетіңіз болса жеткілікті.

Үміт Шурина,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале