6.10.2024, 17:29
Оқылды: 116

«Менің де дауысым маңызды»

Бүгін мұқым ел, дүйім қазақстандықтар маңызды таңдаудың алдында тұр. Президентіміз Қ.Тоқаев қыркүйек айындағы Жолдауында елімізде АЭС салу мәселесін халықтың талқысына салу керектігін айтып, референдум өтетінін жариялаған-тұғын.

8

Қазанның алғашқы жексенбісі, яғни бүгін Қазақстанда атом электр станциясы салынады ма, жоқ па деген сауалға жауап іздеп көреміз. Таңмен барлық референдум учаскілері қызу жұмысқа кірісті. Мен БҚО, Теректі ауданындағы №387 референдум учаскісінде таңдауымды жасадым.

Шыны керек, осы ел үшін маңызды оқиғаны халық қалай қабылдар екен дейтін сауал санада көлбеңдеген еді. Алайда, таңмен учаскілерге ағылған ағайынды көріп жерлестеріміз жауапкершілік жүгін түсінетініне көзім жетті.

Қазіргі таңда еліміз бойынша халықтың 50%-дан астамы өз таңдауын жасап үлгерген. Әлі бақандай үш сағат уақыт бар. Ол өте жақсы көрсеткіш деп білемін.
Ел тағдыры сарапқа түсер тұста үйде жатып бал ашпай, керісінше референдум учаскілеріне асыққан қазақстандықтармен мен мақтанамын.

Бүгінгі күн – ең басты күн тәрізді,
Алға тартып міндет пенен парызды.
Дауыс беріп, таңдауымды жасадым
Мендік таңдау – бәрінен де маңызды!

Әділет Орынбасаров
Ақын, ҚР Жазушылар Одағы мүшесі
Теректі аудандық мәслихат депутаты

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале