29.09.2021, 12:09
Оқылды: 79

Менің таңдауым ­­­- балаларға көмек

Бәйтерек ауданына қарасты қарасты Январцев ауылдық округінде республикалық «Мектепке жол» акциясы жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Округ әкімі А.Жұмағалиев пен ауыл мектебінің директоры А.Есмақов бастамасымен қолға алынған ауқымды шара биыл  «Балаларға бірге көмек берейік» ұранымен өткізілді.

image

     Игі шара басталар кезде оның мақсаты мен міндеттері туралы халықты ақпараттандыру үшін ауыл тұрғындары  көп жиналатын орындарға үндеухаттар ілініп, арнайы бұрыштар құрылды. Сондай-ақ  шаруа қожалықтары мен ұйымдарға акцияға қатысу туралы үндеу шығарылып, жеке кәсіпкерлер мен белсенді азаматтарына арнайы хаттар жіберілді.

Осындай бастаманың нәтижесінде әлеуметтік жағынан қорғалмаған 33 оқушыға жалпыға міндетті білім беру қорынан бөлінген қаражат есебінен 48511,266 теңгеге оқу құралдары, 161040 тенге қаражатқа спорттық киім берілді. Одан бөлек меценат, «Заман» ЖШС басшысы А. Жангалиев демеушілік көрсетіп, 53 оқушыны қажетті оқу құралдарымен қамтамасыз етті. Ел болашағы жастар деп білетін январцевтық кәсіпкерлер ауыл балаларына деген қамқорлығын аямады. «Перспектива КАН» ЖШС директоры Н.Кариннің 15 оқушыға қажетті спорттық аяқ киім алып берсе, жеке кәсіпкер Д. Жардемов бес қыз балаға қажетті аяқ киім сатып алды.

Жалпы Январцев ауылдық округінде 744 429,022 теңгеге көмек көрсетілді.

«Мектепке жол» республикалық акция барысында балаларымызға қолұшын созып, жүздерінің балбұл жануына өз септіктерін тигізген жеке кәсіпкерлер мен ауылдың белсенді азаматтарына округ, мектеп басшылығы және ата-аналар комитеті шын жүректен ризашылығын білдіреді, Қажет кезде көмекке мұқтаж жанның қасынан табылып, демеу бола білген әр жанға мықты денсаулық, шексіз бақыт және қызметіне толағай табыс тілейміз.

Айшабибі-Ханым Мұстафақызы,

Январцев мектебінің әлеуметтік педагогі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале