10.11.2020, 20:43
Оқылды: 9

Мерейдегі игі іс

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 30 жылдық мерейтойына орай отыз игі іс-шара аясында Мерей ауылдық округі мешітінің ұйымдастыруымен жаяу жүргінші көпірінің ашылу салтанаты өтті.

A5E746A6-C040-4F0E-B1B6-54B0980AFBC0

Шараға БҚО өкіл имамы Мұратбек Қыстаубаев, ауданның бас имамы Айдын Ибрашев және ауыл тұрғындары қатысты. Осындай сауапты істердің жүзеге асуына ауыл имамы мен кәсіпкерлердің атсалысқандығын атап өткеніміз жөн. Шара барысында сөз алған Айдын Ибрашев игі шараға қаржылай көмек көрсеткен аудан аумағындағы мешіттердің имамы мен қайырымды кәсіпкер азаматтарға алғысын айтып, барша жиналған қауымды атаулы күнмен құттықтады. Жақсылық жасап жарысайық, игі істер көп болғай!

Шын Темір

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале