10.08.2023, 16:00
Оқылды: 19

«Мерейлі отбасының» жеңімпазы кімдер?

Тасқала аудандық мәдени-демалыс орталығында отбасы құндылығын дәріптейтін «Мерейлі отбасы» байқауының аудандық кезеңі мәреге жетіп, жеңімпаздары марапатталды.

Мерейлі отбасы

 «Мерейлі отбасы» конкурсының аудандық кезеңіне қатысуға он өтініш түсіп, арнайы комиссияның шешімімен он отбасы да жолдама алған болатын.

Бұл шараны аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен «Тасқала әйелдері» қоғамдық бірлестігі жүзеге асырды.

 Алдымен жүргізуші Жалғасбек Мырзагереев байқауға қатысқандарды салтанатты түрде таныстырып, олардың сіңірген еңбегін, атадан балаға жалғасқан кәсібін, ұрпағының жетістігін, отбасылық ұстанымын айтып өтті.

Одан әрі байқауға қатысқандар түрлі аталыммен марапатталды.

«Мерейлі отбасы – 2023» байқауының аудандық кезеңі жеңімпазы болып Нәріковтер әулеті танылды. Байқауға қатысқанө өзге отбасылар арнайы аталымдармен марапатталды.

Марапаттау салтанаты соңында аудан әкім Бауыржан Айтмағамбетов құттықтау сөз сөйлеп, барша марапат иесін құттықтады.

– Қазақ отбасы құндылығына ертеден-ақ ерекше мән берген. Байқаудың аудандық кезеңіне 10 отбасы өтінім беріп, комиссияның шешіміне сәйкес олар әр отбасының ерекшелігіне сай түрлі аталымға ие болды. Ендеше, аудандық байқауға қатысқан барлық отбасыға алғысымды білдіре отырып, бүгінгі жеңісімен шын жүректен құттықтаймын! Әр жанұяға амандық, деніңізге саулық, ұрпағыңызға бақ пен береке тілеймін! – деді Бауыржан Есқайырұлы.

Болатбек Сапарғалиев,

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале