20.01.2022, 12:50
Оқылды: 133

Мерейлі жасымен құттықтады

Бүгін Шыңғырлау ауданы әкімі Әлия Мұханбетжанова аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры Гүлсім Қуанаеваны мерейлі 60 жасқа толуымен құттықтады. 

IMG-20220120-WA0047

Әлия Биғазықызы саналы ғұмырын кітапхана саласына арнаған туған күн иесін төл мерекесімен құттықтап, мықты денсаулық, рухани сергектік, амандық тіледі. Қырық жылға жуық кітапханада абыроймен қызмет атқарған Гүлсім Фазылқызына аудан әкімі құттықтау хатын табыстап, сый-сыяпат жасады.

IMG-20220120-WA0046

Өз кезегінде сөз алған Гүлсім Қуанаева да аудан басшылығына, әріптестеріне қызметін елеп, жылы лебізін білдіргеніне алғысын білдірді.

Анар Ізмұхан,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале