31.01.2018, 11:10
Оқылды: 59

Мерейліктер жаңадан салынған ойын алаңына балаларын жібермей отыр

Тасқала ауданы әкімінің есептік кездесуі Мерей округінде қорытындыланды.

Ауыл тұрғыны В.Наботова жиын барысында аудан әкімі С.Әлиевке шағымын жеткізді. Оның айтуынша, жаңадан салынған балалар ойын алаңы ешқандай стандартқа сай емес. Ондағы сырғанақ пен әткеншек құрылысы баланың жасына орай ескермеген. Ашып айтсақ, әткеншек тым биік орналасса, сырғанаққа ойнаған бала бір жерін ауыртпай қоймайды.

Алайда В.Наботованы алаңдататын мәселе тек бұл емес. Аталмыш ойын алаңындағы жарық жағдайы да мәз емес. Негізгі тоқ сымы алаң жерінен тым тереңге көмілмеген. Кез келген уақытта тоқ соғып, сол жердегі жандарды зақымдауы да мүмкін. Бұдан бөлек, ойын алаңы құрылған жерде бұрын басқа мекеме болғанын, өртеніп кеткен соң орнын ешкім тазаламағанын айтып өтті. Қоқыс үстіне бой көтерген ойын алаңына баласын ешқандай ата-ана жібергісі келмейтіні тағы бар.

Әсемгүл БЕКЕШЕВА,

Тасқала ауданы

 

 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале