28.10.2023, 10:15
Оқылды: 52

Мерейтой иелерін құттықтады

Аудан әкімі Марат Тоқжанов Бәйтеректің дамуына өз үлестерін қосып келе жатқан белгілі мүсінші, Көшім ауылының тұрғыны Ерғали Бекешев пен аудандық қоғамдық кеңес хатшысы Зинат Бикееваны мерейтойларымен құттықтады.

IMG-20231028-WA0002

- Өзім адамның еңбегі бағаланып отырғаны дұрыс деп есептеймін. Бұл бағытта сіздердің атқарып жүрген еңбектеріңіз зор. Ерғали Орынғалиұлы сізді ел азаматтары жақсы таниды десек артық айтқандық емес. Сіздің қолыңыздан шыққан тамаша өнер туындылары бүгінде қалада да, ауылда да тұр, олар көптің көзайымына айналды. Тек мүсінші ретінде емес, азамат ретінде де сізді сыйлаймыз. Ал Зинат Сәменқызы болса жергілікті атқарушы құрылым өкілдерімен бірге көп жұмыс атқарып жүр. Оны ел-жұрт біледі, бағалайды. Қарбалас жұмысқа қарамастан отбасыңыздың да ұйытқысы болып отырсыз. Сіздердің жарқын жолдарыңыз жас ұрпаққа үлгі, - деді өз құттықтау сөзінде Марат Лұқпанұлы.

Басқосуда сөз алған аудандық мәслихат аппаратының басшысы Тілекбай Төлепқалиев қос құрдасын 60 жасымен құттықтап, Ерғали Орынғалиұлы 1990-шы жылдары аудандық мәслихаттың депаутаты, артынан хатшысы болғанын атап өтіп, естелік сыйлықтар ұсынды.

IMG-20231028-WA0004

Ауданымыздың құрметті азаматы, ардагер ұстаз Николай Анципрович, Переметный, Көшім ауылдық округтарының әкімдері Алексей Герасимов пен Ауған Алмурзин мерейгерлердің елге сіңірген еңбектеріне тоқталып, ел-жұрттың атынан алғыстарын білдірді.

IMG-20231028-WA0007

Өз кезегінде мерейтой иелері өздерін елеусіз қалдырмай, құттықтап, бағалы сыйлықтар ұсынып жатқан аудан басшылығына, әріптестеріне ризашылықтарын білдірді.

Қуаныш Қали, 

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале