13.11.2020, 19:56
Оқылды: 97

Мерейтой иесін құттықтады

Бүгін Шыңғырлау ауылдық округінің әкімі Ғ.Жұмағазиев пен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Сәмиев Қызылкөл ауылының тұрғыны, тыл және еңбек ардагері Жасталап Асаубаевты мерейлі 85 жасымен құттықтады.  
DFD68C15-E08E-4A97-AD17-71B0D5F657AF

Округ әкімі Ғұсман Ғұмарұлы еңбек ардагерінің тағылымды өмір жолының бүгінгі ұрпаққа берері мол екенін атап өтіп, той иесіне аудан әкімі Әлия Мұханбетжанованың атынан алғысхат және сыйлық табыс етті.

  Жасталап Асаубаев 1935 жылы   14 қарашада Қызылкөл ауылында дүниеге келген. Базарлы балалық шағы Ұлы Отан соғысы жылдарымен тұспа-тұс келіп, қатарластары секілді еңбекке ерте араласып, қолынан келгенше Жеңісті жақындатуға өз үлесін қосады.

  Ол 1954 жылы тракторлық курсты тәмамдап, ұзақ жыл механизатор болып еңбек етіп, зейнетке шығады.

Бүкіл саналы ғұмырын туған өлкесін дамыту жолына арнаған Ж.Асаубаевтың еңбегі ескерусіз қалмай, әр жылдары грамоталармен, «Еңбек ардагері» және мерекелік медальдарымен марапатталған.

Жасталап Асаубаев зайыбы Жібекпен бірге 5 ұл, 3 қыз тәрбиелеп өсіріп, олардан 27 немере-жиен, 29 шөбере-жиеншар сүйіп отыр.

Мерейлі туған күні қарсаңында өзін құттықтап келгендерге ақсақал көрсетілген құрмет үшін ризашылығын білдірді.

Б.Баймағамбетова,

Шыңғырлау ауданы

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале