16.09.2021, 19:06
Оқылды: 84

Мерейтой иесін құттықтады

Бөкей ордасы ауданы әкімінің орынбасары Мейрамбек Аққалиев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ерболат Танатов бастаған топ еңбек ардагері, ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Марат Қадешовтің шаңырағына арнайы бас сұғып, мерейлі 75 жасқа толуымен құттықтады. Ұзақ жылдар бойына жол салу және пайдалану саласында қажырлы еңбек етіп, түрлі қызметтерді абыроймен атқарған қарияға меймандар ізгі ілтипатын білдірді.

 куттыктады

“Өзіңіздей аға буынның еселі еңбегі, өнегелі өмір жолы кейінгі ұрпаққа үлгі екені сөзсіз. Ауданның қоғамдық-саяси ахуалының тұрақтылығын сақтап, ынтымақ-бірлігін арттыруда ардагерлеріміздің рөлі зор қашан да биік. Сізге сарқылмас қуат, ұзақ және бақытты ғұмыр тілейміз” деп аудан әкімінің алғыс хатын табыс етті.

Жиналған көпшілікке мерейтой иесі де көрсетілген құрметтері үшін риясыз алғысын жеткізді.

 

Нұрай Таубай,

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале