28.06.2023, 17:31
Оқылды: 47

Мереке қарсаңындағы қабылдау

Бүгін аудан әкімі Асланбек Сарқұлов «Ауыл айнасы» аудандық қоғамдық-саяси газетінің ұжымы мен ардагерлерді, қоғамдық тілшілерді қабылдады. Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай ұйымдастырылған қабылдауда аудан журналистикасының өткені мен бүгіні талқыланып, қаламы қарымды сала ардагерлері мен тілшілер марапатталды.

20230627121558_IMG_1208

Аудан әкімі Асланбек Ахметоллаұлы газет ұжымы мен сала ардагерлерін құттықтап, жылы лебізін білдірді. Жиында сала ардагерлері мен қоғамдық тілшілер Рабиға Құлқайырқызы, Гүлнәр Сүйешқызы, Фатиха Дәулетова, Ақмарал Ибатқызы, Алтын Набидоллақызы қызықты сәттерімен бөлісті. Мерекелік қабылдауда Райбиға Құлқайырқызы, Ақмарал Ибатқызы және «Ауыл айнасы» аудандық қоғамдық-саяси газетінің І санатты тілшісі Жансая Жұмажанқызы аудан әкімінің алғыс хатына ие болды.

20230627135216_IMG_1227

Қабылдауда аудандағы журналистика саласын дамытуға, тарих пен әдебиетті түгендеуге қатысты бірқатар ұсыныстар айтылды. Аудан әкімі ұсыныстарды назарға алатындығын жеткізіп, газет ұжымының жұмысына сәттілік тіледі.

20230627135448_IMG_1235

 

Асылбек Нәсіпқали,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале