15.12.2021, 20:06
Оқылды: 98

Мерекедегі марапат

Жаңақала колледжінде ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тәңір сыйы – Тәуелсіздік» атты мерекелік концерт өтті. Аудандық кітапхана «Тәуелсіздік – мәңгілік ел мұраты» тақырыбында кітап көрмесін ұйымдастырып, көрермен назарына ұсынды. Облыс әкімінің орынбасары Тілепберген Каюповтың қатысуымен өткен салтанатты іс-шарада алдымен Тәуелсіздігіміз жайында кішігірім қойылым көрсетілді. Үлгілі «Гүлдәурен» би ансамблі би билеп, Жанболат Мұсағалиевтің «Елім менің» әнін орындады. Бұдан соң атаулы мерекемен облыс әкімінің орынбасары Т.Ерсайұлы құттықтау сөз сөйлеп, жүрекжарды лебізін білдірді.

39516983-ADD8-4DB8-9F3A-7170FF2BF55A

- Баршаңызды облыс әкімі Ғали Есқалиевтің атынан ҚР Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Тәуелсіздік алған 30 жылдың ішінде еліміздің кезең-кезеңімен дамуы, Мемлекет басшысының, Елбасымыздың дұрыс жүргізген реформаларының арқасында татулық пен бірлікті ту етіп, еліміздің дамыған елдердің қатарына кіргеніне куәсіздер. Бәріңізге амандық тілейміз. Бүгінгі күні өздеріңізді мемлекеттік марапаттармен құттықтап, табыс етуге рұқсат етіңіздер. Ауызбіршілігімен қатар шыншылдығымен ерекшеленетін Жаңақала өңіріне келіп, сіздермен кездесуге мүмкіндік туғанына өте қуаныштымын. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, баршаңызға толағай табыс тілеймін. Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын, - деп облыс әкімінің орынбасары Тілепберген Ерсайұлы марапаттау рәсімін жасады. «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалін Б.Айғалиев, Ө.Ақбасов, Р.Апахаева, З.Батыров, Ә.Досмұхамбетов, Қ.Жаимов, Е.Ибрашев, Е.Меңдіхан, А.Мұқамбетжанов, Е.Нысанов, А.Өтегенов, Т.Өтешқалиев, Х.Сабенов, Е.Сапаров, З.Сисенғали, М.Тілекқабылов, М.Шафиховқа табысталды. Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасы Қ.Шаутеновке бұйырды. Облыс әкімі алғысхатымен Г.Аткешқызы, Т.Теміржанұлы, З.Кішібекқызы, Ж.Меңдібайқызы, М.Хамитқызы, БҚО мәслихатының Құрмет грамотасымен Ж.Батырова, Е.Мұхамбетжанов, Г.Дисалиева, Б.Құспанов, Қ.Борашев марапатталды. Бұдан соң аудан әкімі Дархан Закарин мерекемен құттықтап, ақ тілегін айтып, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Құрмет грамотасын С.Сертековке табыс етті. Ауыл шаруашылығы саласына сүбелі үлес қосып жүрген сала мамандары да марапаттан құр қалмады. Олардың қатарында «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісімен Т.Шамұратов (Жаңақала ауылы), «Елеулі еңбегі үшін» Республикалық ауылшаруашылық кәсіп одағы медалімен Ә.Шаймарданов (Бірлік ауылы), А.Ғабдушев (Жаңажол ауылы), А.Оңаев (Жаңақазан ауылы), Е.Мусин (Көпжасар ауылы), Н.Қажығұмаров (Қызылоба ауылы), А.Мүсірепов (Мәстексай ауылы), Э.Текебаев (С.Меңдешев ауылы), М.Ермекова, Е.Нысанов (Пятимар ауылы) бар. Сондай-ақ ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен «Еңбек ардагері» медалімен З.Сисенғали, «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» белгісімен А.Ғұбашева, Ғ.Сүлейменова, Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Құрмет грамотасымен А.Негаев, А.Сырымова сахнаға көтеріліп, марапаттарын алды. Аудан әкімі алғысхатымен К.Хайруллина, Г.Өтеуқызы, А.Қисымұлы, Е.Бурханұлы, А.Асқарұлы, М.Рысқалиұлы, Б.Мақсотұлы және «Жомарт жүрек» премиясының «Туған өлке» номинациясымен 2011 жылғы мектеп түлектері марапатталды. Одан әрі марапаттау рәсімі аяқталып, жиын мерекелік концертке ұласты. Аудандық мәдени-демалыс орталығының өнерпаздары ән мен биден, күйден шашу шашып, өнер көрсетті.

Жаннұр Хайрушева,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале