30.04.2022, 9:51
Оқылды: 116

Мерекелік концерт өтті

  1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Сырым ауданы орталығы - Жымпитыда мерекелік концерт өтті.

3D56CC14-550A-4DFB-AD30-FE21E923F623

Аудан әкімі Төлеген Төреғалиев тұрғындарды бірлік күнімен құттықтады.

- Бір үйдің баласындай бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі одан әрі жалғасып, еліміздегі ұлтаралық татулық әрдайым берік болып, бірлігіміз жасай берсін,- деп ақжарма тілегін білдірді ол.
  Мерекелік шарада «Достық блогын» ауданның көркемөнерпаздары нақышына келтіре орындаса, «АҚҚАЙЫҢ» ВАА мүшелері «Қазақстаным» деп шырқады.
Одан бөлек, «Поверь в мечту», «Гезеген», «Алакелгей», «Тәуелсіз қазақтың қызымын» секілді әсем әндер құлақ құрышын қандырды.

2ADA0CAA-4A7D-4D9B-8B06-6391CB6BF618
  «Сырым сазы» фольклорлық ансамблі «Торы жорға», «Балбыруынды» бабына келтіре ойнаса, «Үлгілі Аружан», «Жауқазын» би ансамблдері мың бұрала билеп, көрермендерге мерекелік көңіл күй сыйлады.

Айжан Амангелдина,
Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале