28.09.2022, 18:20
Оқылды: 110

Мерекелік спартакиада өтті

Қаратөбе аудандық дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде мұғалімдер күніне орай аудандық білім беру саласы қызметкерлері мен кәсіподақ мүшелері арасында спартакиада ұйымдастырылды.

10

Мерекелік шараға қатысушылар аудандық дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің спорт залында сап түзеп, мемлекеттік Әнұран орындалды.

Спартакиаданың ашылу салтанатында аудандық білім беру бөлімінің басшысы Берікжан Ғарапшиев құттықтау сөз сөйлеп, жарысқа қатысушы командаларға сәттілік тіледі.

11

– Спорттың адам өміріндегі маңызы зор. Сондықтан спортқа үлкен мән беруіміз керек. Мұғалімдер күніне орай ұйымдастырылған спорттық шараға ауданның барлық мектептептерінен мұғалімдер қатысуда. Ол аудан ұстаздарының  спортқа деген  құлшынысының жоғары деңгейде екендігін көрсетеді. Денсаулығы мықты болашақ ұрпақты қалыптастыруда мектептердегі дене тәрбиесі мұғалімдерінің  қызметі үлкен маңызға ие. Сондықтан дене тәрбиесі мұғалімдеріне қойылатын талап пен жауапкершілік те жоғары, - деді аудандық білім беру бөлімінің басшысы Берікжан Ғарапшаұлы.

Спартакиада ойындарының бас төрешісі, аудандық білім беру бөлімінің спорт жөніндегі әдіскері Оралбай Берікұлы ойын ережелерімен таныстырды.

Аталмыш спартакиадада ерлер мен нәзік жандылар бірлесе ойын көрсеткен волейбол ойынына ауданның білім ордаларынан 16 команда қатысты. Волейбол командалары үш топқа бөлініп, дене шынықтыр-сауықтыру кешенінде, Қаратөбе мектеп-гимназиясы мен Шөптікөл орта мектебінің спорт залдарында ойын көрсетті.

9

Шөптікөл орта мектебінің акт залында ерлер және әйелдер арасында шахмат және ұлттық тоғызқұмалақ ойынынан тартысты жарыстар жүрді.

Атаулы спорттық шарада аудан мұғалімдері өздерінің жан-жақтылықтарын көрсетіп, көрермендер ықыласына бөленді.

Спартакиада ойындары барысында  мұғалімдер өздерінің  ұшқыр ойлылықтары мен әдіс айлаларын да шебер өрнектей білді.

Сайыс қорытындысына сай волейбол ойынынан командалар арасынан топ жарған Қаратөбе мектеп-гимназиясы командасы жүлделі бірінші орынды жеңіп алып, жарыс жеңімпазы атанып, спартакиада кубогы мен  І дәрежелі диплом және 20 мың теңге қаржылай сыйлыққа ие болса,  ІІ орынға ие болған Мұхит атындағы ЖОББМ командасы ІІ дәрежелі диплом және 15 мың теңге қаржылай сыйлықты қанжығаларына байлады. ІІІ орынға табан тіреген   Қалдығайты ЖОББМ командасына ІІІ дәрежелі диплом және 10 мың теңге қаржылай сыйлық табысталды. Волейбол ойыны бойынша «Жеңіске деген жігері үшін» аталымымен Егіндікөл ЖОББМ марапатталды. Жекелеген ойыншылардан Жақсыбай негізгі орта мектебі командасынан Жасұлан Батырбаев – «Үздік шабуылдаушы», Егіндікөл орта мектебі командасынан Жадыра Айтқалиева – «Үздік қорғаушы», сулыкөлдік Берік Қуанышкереев - «Үздік ойыншы»  аталымдарына ие болды. Аталымдар иелеріне 5000 теңгеден ақшалай сыйлық, медаль және диплом табысталды.

Бас төрешінің айтуынша, ерлер арасындағы шахматтан ойынның ережесі бұзылуына байланысты  І орын иегері танылмады. Жүлделі екінші орынды Қаратөбе саз мектебінен Д.Орынбасарұлы, Соналы орта мектебінен А.Такушов ІІІ орынды иеленді.

Аталмыш ойын бойынша қыздар арасынан  Қалдығайты орта мектебінен І орынды Н.Жұбаниязова, ІІ орынды Б.Сұлтанова (Мұхит атындағы ЖОББМ)   ІІІ орынды,  Д.Мизамғали (Жақсыбай НОМ)  иеленді.

Тоғызқұмалақтан ерлер арсынан І орынды Қ.Нұрсұлтанов (Алакөл НОМ) жеңіп алса, ІІ-ІІІ орындарды Қалдығайты орта мектебінен  Б.Шалабаев пен Д.Жауапқалиев (Б.Қаратаев атындағы Саралжын ЖОББМ) иеленді. Осы ойын бойынша қыздар арасынан І орынды алакөлдік Н.Дарғалиева жеңіп алса, ІІ, ІІІ орындарға  Р.Жанғалиева (Жақсыбай НОМ) және Б.Жанғалиева (Жамбыл МББК) табан тіреді.

12

Жеңімпаздар медальдар мен дипломдармен марапатталды.

 Ерболат Мырзағұлұлы,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале