30.04.2021, 15:30
Оқылды: 288

Мичурин ауылдық клубы «Үздік ауылдық клуб» атанды

Облыстық IV «Рухани қазына-2021» онлайн фестивалі аяқталды.

 Ауылдық клуб

Жуырда мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлерінің IV «Рухани қазына-2021» онлайн облыстық фестивалінің І іріктеу кезеңі өтті. Аталмыш байқаудың «Үздік ауылдық клуб» аталымы бойынша бақ сынаған Бәйтерек ауданы Мичурин ауылдық клубы І орын иеленіп, республикалық «Рухани қазына-2021» онлайн фестиваліне жолдама алды.

Ауылдық клуб2

- Бүгінгі шағын ғана жеңісім осы кезге дейін атқарған еңбегімнің жемісі. Енді фестивалдің республикалық кезеңінде өңір намысын жықпауға тырысамыз. Қажет деген материалдарды жолдадық. Қорытындысын күту ғана қалды, - дейді клуб меңгерушісі Толқын Мүрсәлімқызы.

 

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале