15.06.2022, 11:30
Оқылды: 18

Мобильді қоғамдық қабылдау өтті

Ақбұлақ ауылында мобильді қоғамдық қабылдау өтті. Қабылдауда аудандық мәслихат хатшысы Сағын Казиев, "AMANAT" партиясы Шыңғырлау аудандық филиалының атқарушы хатшысы Азамат Таганиязов және "Ақбұлақ" бастауыш партия ұйымының төрайымы, округ әкімі Светлана Байтенова тұрғындарды қабылдады.

2

Ауыл тұрғындары тарапынан көтерілген сұрақтар мен ұсыныстардың басым көпшілігі электр желілерін ретке келтіру, қайтарымсыз грант алу, бұралқы иттерді аулау, ауыз су мұнарасын жөндеу және тағы басқа мәселелер.

Барлық көтерілген сауалдар мен ұсыныстарға заң аясында түсініктер берілді. Сонымен қатар, мазмұны күрделі электр желілерін ретке келтіру секілді сұрақтарды облыс басшылығына жеткізілетіндігі айтылды.

Арман Керей,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале