5.01.2024, 12:00
Оқылды: 105

Мобилографтар байқауында жүлделі орынға ие болды

Қаламы мен қағазын құшақтап, фотоаппаратын асынып, алашапқын болып жүретін Айжан әріптесімізге кейінгі уақытта тағы бір жұмыс табылды. Ұялы телефонын олай да бұлай қылыштай ойнатып жүргені. Смартфонның оймақтай көзінен дөңгеленген дүние тыс қалмайды екен. Бұл өнер мобилография деп аталады.

PHOTO-2024-01-04-18-19-34

Жуырда «Сырым елі» қоғамдық-саяси газетінің журналисі Айжан Амангелдина Қазақстанның Халық Жазушысы Қадыр Мырза Әлидің шығармашылығын насихаттауға арналған «Иірім» атты облыстық мобилографтар байқауында жүлделі ІІІ орынның иегері атанды. Телефон таспалаушылардың тұңғыш байқауын ұйымдастырған - Қадыр Мырза Әли атындағы мәдениет және өнер орталығы.

Әріптесіміз шағын туындысына Қадыр мен оның анасының тағдырын арқау етіпті.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале