5.07.2018, 17:23
Оқылды: 56

Модульді мал сою пункті іске қосылды

Shyngtrlau mal soiu (1) Шыңғырлау ауданының шағын және орта бизнесін дамыту бағдарламасына сәйкес, ауылдың шет жағынан модульды мал сою пункті іске қосылды.


Бұл нысанды «Шыңғырлау-Агро» ауылшаруашылық өндірістік кооперативі Үкіметтің қолдауының арқасында «Ауыл шаруашылығын қолдау қорынан» «Ырыс» бағдарламасы негізінде алған несиеге тұрғызды.

Shyngtrlau mal soiuЖаңа нысан заманауи құралдармен жабдықталған, ветеринарлық талаптарға сай әрі механикаландырылған, қауіпсіздік шаралары да қарастырылған, мұздатқыш ет қоймасы да бар.

Нысанның ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімі Альберт Есалиев және «Шыңғырлау -Агро» ауылшаруашылық өндірістік кооперативінің басшысы, нысан иесі Арман Жолдығалиевтер ауылдастарын Астана тойымен құттықтап, мерекеге тамаша тартумен келіп отырғанын жеткізді.

Лента қию рәсімі өткізілген соң, жиналғандар мал сою пунктінің жұмысымен танысып, риза болды.

Айсұлу Арыстанова

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале