8.10.2020, 12:19
Оқылды: 88

Мониторингтік топ мектептерді аралады

– Мониторингтік топтың міндеті – халық көп шоғырланған жерлерде  карантиндік нұсқамалардың орындалуын қадағалау. Орындалмаған жағдайда тиісті жауапкершілікке тарту екенін көпшілік біледі. Бүгінгі таңда дүкенге бару тәртібі біркелкі қалыптасып үлгерді. Түрлі отбасылық жиындарды өткізуге тосқауыл да өз нәтижесін көрсетуде. Ережені елемегендер де болды. Дегенмен оларға тиісті шара қолданылып, түсінік жұмыстары жүргізілді. Өкініштісі, әлі де індеттің қауіптілігіне көз жұма қарайтындар бар, – дейді  Бөкей ордасы ауданының бас санитар дәрігері Света Рамазанова.

Monitoring (1)

Карантиндік ахуал реттелгеннен соң мектеп, балабақшалар өз жұмысын атқара бастады. Осы ретте аудандық мониторингтік топ аудан орталығындағы екі мектепке, "Ер Төстік" бөбекжайына арнайы барып, санитарлық талаптардың орындалуын бақылады.

Monitoring (2)

Құрамында бас санитармен қатар аудан әкімінің орынбасары Лариса Қайырғалиева, аудандық білім беру бөлімі басшысының м.у.а. Нұркен Сабиров және аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Асқар Әжіғалиев бар топ білім ошақтарында мамандардың оқушыларды қабылдауына куә болды. Сонымен қатар сыныптардағы шәкірттер арасында әлеуметтік арақашықтықтың сақталуын қадағалап, әр бөлмеде болуы тиіс пайдаланылған бетпердеге арналған арнайы жәшіктерді, т.б. жайларды назарға алды. Бөбекжайдағы бөлме температурасын қалыпты деңгейде ұстауға кеңес берді.

Раушан Бақытова,

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале