2.05.2022, 16:36
Оқылды: 31

Мүбәрак мейрам құрметіне арналды

Бүгін Бөкей ордасы аудандық мешітінде қасиетті Ораза айт мейрамына айт намазы оқылды. Аудан имамы Қ.Насыров уағыз айтып, барша жамағатты қасиетті мейрамымен құттықтады. 

IMG-20220502-WA0034

Ораза айт намазына аудан әкімінің орынбасары Біржан Меңешов қатысып, мешітке жиналған мұсылман қауымды қасиетті Ораза айт мерекесімен құттықтап, жиналған жұртшылыққа жылы лебізін жеткізді.

Қасиетті Ораза айт құрметіне ауыл тұрғындары арасында спорттық сайыс өтті. Сайысқа мешіт жамағаты, ауыл жастары белсене қатысты. Қол күресі, гір тасын көтеру, садақ ату және арқан тартыс. Жүлделі орын алғандар алғысхатпен, сыйлықпен марапатталды.

IMG-20220502-WA0032

Қол күресі бойынша І орын Нұрберген Ахметов, ІІ орын Медет Мақсотов, ІІІ орын Сыйбағат Амановтыкі. Садақ ату бойынша І орын Амантай Жұмағалиев, ІІ орын Нұрберген Ахметов, ІІІ орын Райымбек Жұмабайұлыныкі. Гір тасын көтеру бойынша І орынға Асылан Бижанов, ІІ орынға Мейрамбек Мұқаев, ІІІ орынға Кенжебек Қадырұлы ие болды. Арқан тартыс бойынша "ҚМДБ" командасы - І орын, "Мешіт жамағаты" командасы - ІІ орын, "Жамағат" командасы - ІІІ орынды иеленді.

Анар Артықбай, 

Бөкей ордасы ауданы, 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале