6.06.2023, 12:02
Оқылды: 64

Мұғалімге 500 мың теңге сыйлық

Таяуда өткен «Жаңашыл ұстаз-2023» республикалық байқауында үздік деп танылғандардың ішінде Трекин ауылдық округіндегі Новенкое орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Ләйлә Төлепқалиева  бар.

IMG-20230603-WA0044

1091 педагог қатысқан сайыста жерлесіміз «Тәрбие жұмысын ұйымдастырудағы цифрлық технологиялар» аталымы бойынша жеңімпаз атанып, 500 мың теңге ақшалай сыйлықпен марапатталды.

Әріптестері Ләйла Шапбазкерейқызын оқытудың жаңа технологиясын терең меңгерген, өзіне де, оқушыларына да қояр талабы жоғары ұстаз ретінде бағалайды. Оның педагогтық саладағы жұмыс өтілі 22 жылды құрайды, соның он төрт жылын аталмыш мектепке арнаған. 2011 жылдан бастап директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін қоса атқарып келеді. Өткен жылы Бәйтерек ауданының «Үздік педагогы»  атағын иеленді.

 

Нұрсәуле Әбілпейсова,

Бәйтерек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале