22.12.2023, 14:45
Оқылды: 34

Мұрағат басшысын қабылдады  

 

Бүгін Сырым ауданы әкімі Жұмагелді Батырниязов мемлекеттік архивке 100 жыл толуына орай аудандық мұрағаттың басшысы Ардақ Шілмұханованы қабылдады.

IMG_6365

 – Мұрағат – қоғамның мемлекеттің, адамның сенімді серігі. Құжатсыз архив жоқ, архивсіз тарих жоқ, тарихсыз халық жоқ. Ел тарихының қойнауының сыры жатқан құжаттарға толы осы салада ұзақ жылдар бойы тынбай еңбек етіп келесіз. Сізге мұрағат қызметіне қосқан үлесіңіз үшін  шынайы алғысымды білдіремін. Деніңізге саулық, отбасыңызға амандық, қызметіңізге табыс тілеймін. Көптен бері көтеріліп келе жатқан мәселе – аудан мұрағаты ғимаратының құрылысы. Биыл жоба сараптамадан өтіп, облысқа жолданды. Облыстың бірнеше ауданында алдағы жылы типтік үлгідегі архив ғимарат салуды жоспарланып отыр. Солардың бірі – Сырым ауданы,- деді ауданбасы.

IMG_6363

Ардақ Абайқызы аудан әкіміне алғысын білдіріп, өзі басқарып отырған мекеме жайында:

 – Сырым ауданының мұрағаты басқа аудандарға қарағанда ертерек, 1966 жылы маусымда ашылған. Архив содан бері басыбайлы ғимаратсыз көшіп-қонумен жүрген, қазіргі ғимаратқа мекеме 2007 жылы қоныстанды. Бес ауданға, соның ішінде Сырым ауданына архив ғимаратын салу жоспарда деген сүйінші жаңалықты естіп қуанып жатырмыз. Мекемемізге еліміздің түкпір-түкпірінен ғалымдар, зерттеушілер, студенттер келеді. Бізде қазір 65000-нан астам құжат сақтаулы. Жыл сайын мекемелерден құжат қабылдаймыз. Құжаттарды сақтайтын орын тапшы, талапқа сай емес. Қазіргі мұрағаттың бір ғана талапқа сәйкестігі – бетоннан салынған ғимарат екендігі. Штатта екі мұрағатшы, бір тазалықшы бар. Облыста біздің мұрағат барлық көрсеткіш бойынша алдыңғы үштікте. Мұрағатта бірнеше жыл қызмет еткен ардагеріміз Мұхамбетқали Қожахметовтен көп нәрсені үйреніп, тәжірибесін сіңірдік,- дейді.

IMG_6335

Аудан әкімі Жұмагелді Батырниязова Ардақ Шілмұхановаға құттықтау хат пен гүл шоғын табыс етті.

IMG_6352

Шынар Молданиязова,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале