1.03.2024, 14:44
Оқылды: 23

Мұхтар Күлжан Теректі ауданына келді

ҚР Президент Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының инспекторы Мұхтар Күлжан жұмыс сапарымен Теректіге келді. 

image-01-03-24-12-27

МұхтарТөлегенұлы аудан әкімі Әлия Мұханбетжанованың қабылдауында болып, қоғамдық кеңес, этномәдени орталық өкілдері және округ әкімдерімен жүздесті.

Жиын барысында ауданда атқырылып жатқан жұмыс таныстырылып, әр этномәдени орталық басшысы өз жұмысынан сыр шертті.

Сөз кезегін алған аудан басшысы Әлия Биғазықызы келген мейманға алғысын білдіріп, аудандағы түрлі ұлт өкілінің тұрмыс-тіршілігінен хабар берді.

- Теректі жерінде 29 ұлт өкілі бір отбасыдай ел игілігі үшін еңбек етіп, татулықта тұрмыс кешуде. 2011 жылдың желтоқсан айында Достық үйі ғимараты есігін айқара ашты. Содан бері «Алтын бесік» қазақ бірлестігі, «Сябры» белорус, «Еднання» украин, «Алтын гюль» татар, «Русская изба» орыс және «Фройншафт» неміс этномәдени орталықтары ауданымыздың игілігі үшін, ұлттардың татулығы үшін бір мақсатпен жұмыстанып жатыр,-деп сөзін қорытындылады.

Мұхтар Төлегенұлы ассамблеяның жұмысын, жоспарын баяндады. Барлық ұлт өкілінің бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп жатқанын айтқан инспектор мырза тілі басқа болғанмен, тілегі бір жандардың мемлекеттік тілді меңгергенін, қазақша сайрайтынын тілге тиек етті.

Жиын аяқталған соң, елорда төрінен келген мейман Достық үйіне барып, қызметкерлердің тыныс-тіршілігімен танысты.

 

Балнұр Қанаева,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале