5.06.2023, 16:00
Оқылды: 33

Музыка мектебі есептік концерт берді

А.Ғұбайдуллин атындағы балалар музыка мектебінің оқытушылары мен оқушыларының  ұйымдастыруымен «Өнерлінің өрісі кең» атты есеп беру концерті өтті.

28cd102c-ab25-4b6d-a9fc-fe146c624eb8

Шарада әсем ән әуелеп, домбыра шанағынан күй төгіліп, қатысушыларға керемет көңіл-күй сыйлады.

Шараның шымылдығы Жеңіс Өтеуов жетешілік ететін оқушылардан құрылған «Әсем қоңыр» домбырашылар ансамблінің орындауындағы қазақтың халық күйі «Тепенкөк», Құрманғазының күйі  «Балбырауын», Раздың күйі «Салкүреңмен» түрілді.

a2fd86b1-00fe-42e3-8868-9cccc7b0995f

Сырым аудандық білім беру бөлімінің бас маманы Берік Жанболсынов  бөлім басшысы атынан бірқатар үздік оқушыларды «Жас дарын» аталымымен марапатталды.

А.Ғұбайдуллин атындағы балалар музыка мектебін бітірген жас  түлектерге мектеп директорының міндетін атқарушы Әсел Бисенғалиева куәлік табыс етті. Биылғы түлектердің санатында домбыра сыныбының түлектері Ибрахим Әділжанов, Ерлан Утеулин, дәстүрлі ән сыныбының түлектері Арнұр Есқайыр, Диляра Ислямғали, Нұрым Амангелді,  фортепиано сыныбының түлектері Айдана Амангелдина,  Рамадан Құмарғали бар.

51d3212c-ee6c-4960-b0c7-6d18ddf98e78

Кезек өнерпаз өрендерге келіп, домбыра сыныбының оқытушысы Айгүл Сапаралиеваның оқушысы, мектептің биылғы жылғы түлегі Ибрахим Әділжанов Құрманғазының күйі «Қызыл қайың серперді» ойнады.  Дархан Қажғалиев пен Гүлнафис Ихласованың шәкірттері, дәстүрлі ән сыныбының оқушылары қазақтың халық әндерінен «Ән шеруін» тарту етті. Әсел Бисенғалиеваның фортепиано сыныбының оқушылары «Вальс», «Татар халық әні», және «Вальс собачек» әуендерін ойнады.  Хор сыныбының оқытушысы Тілек Хұсайыновтың шәкірті Аяна Исанова «Ұстаз ана» әнін шырқады. «Баян» сыныбының оқушылары Даниял Серікқали мен  Әбілмансур Қанат  «Пойду ль я, выйду-ль я», «Во саду ли в огороде», «Речная песенка» орыс халық әндерін орындап, қошеметке бөленді.  Труба сыныбының оқытушысы Оралбек Опағалиевтің шәкірті Медет Тілеген «Саржайлау» шығармасымен көрермендерді сүйсіндірді.  Домбырашылар ансамблі Дина Нұрпейсованың «Тойбастар» және Ә.Желдебаевтың күйі «Ерке сылқымды» қос ішектен төгілдірді. Хор сыныбының оқушысы Алихан Молданиязов  «Отан» әнін орындады.   «Наз қоңыр» халық аспаптар ансамблінің сүйемелдеуімен Шәмші әндерін дәстүрлі ән сыныбының оқытушысы Гүлнафис Ихласова және сольфеджио пәнінің оқытушысы Нұргүл Төлегенова әуелетіп, ерекше әсерге бөледі. Керемет кеш «Қазақ елі», «Соңғы қоңырау», «Атамекен» әндерімен аяқталды.

Шынар Молданиязова,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале