14.10.2022, 16:18
Оқылды: 36

«Надежда» ансамбліне 7 жыл

Бүгін Жәнібек аудандық ардагерлер үйінің ғимаратында «Надежда» ансамблінің құрылғанына 7 жыл толуына орай мерекелік кеш өтті. Кешке аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ләззат Абдолова, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Алтай Бақтығалиев және ардагерлер мен «Надежда» ансамблінің мүшелері қатысты.

InShot_20221014_160812940

Шараны «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі аудандық филиалының төрағасы Амангелді Уәлиев құттықтау сөзімен ашты. Өз кезегінде аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Алтай Бақтығалиұлы ансамбль мүшелерінің аудан мәдениетін өркендетудегі қосқан зор үлестері үшін алғысын білдіріп, шағын сыйлығын табыс етті. Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ләззат Абдолова да жүрекжарды тілегін білдірді. Сонымен қатар аудандық филиалдың төрағасы Амангелді Мырзағалиұлына ансамбльдің дамуына қосқан үлесі үшін алғыс айтты.

над

Мерекелік кешті ұйымдастырып, басы-қасында жүрген «Надежда» ансамблінің көркемдік жетекшісі Наталья Сажина топтың құрылу тарихын, осы уақытқа дейін атқарған жұмысы, қатысқан байқаулары туралы айтып өтті.

Шара барысында 7 жыл ішінде сахна төрінде көрсеткен өнерлері туралы естелік бейнебаяндар көрсетілді. Сонымен қатар келушілер фотосуреттерден жасақталған көрмені, фотоальбомдарды тамашалады.

Мерекелік кеш арнайы жайылған дастархан басында жалғасын тауып, қонақтар 7 жылдықтың құрметіне орай дайындалған торттан дәм татты. Ән шырқалып, тәтті тілектер айтылды. Ардагерлер өткен-кеткен қызықтарымен бөлісіп, бір-біріне тамаша көңіл-күй сыйлады.

«Надежда» ансамблі 7 жылдықтың құрметіне жиылған жандарға  «Подмосковные вечера», «Земля Казахстана» әндерін тарту етті.

Бақытжан Серіков,
Жәнібек ауданы
zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале