7.02.2023, 15:00
Оқылды: 76

Нариман Төреғалиев Жәнібек ауданында

Бүгін Жәнібек ауданына Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев келді.

IMG_5736

Облыс басшысы жұмыс сапарын Жәнібек-РФ шекарасындағы өткізу пунктінен бастады. Н.Төреғалиевтің айтуынша, биыл шекараға дейінгі жеті шақырым жол аяқталады.

IMG_5767 (1)

Ол жолдың мердігері «Атырау жолдары» ЖШС. Жәнібек шекара басқармасының басшысы, подполковник Қуанышбек Нүсіп шекараға қатысты мәселелерді қысқаша айтып өтті.

Біріншіден ол Жақсыбай ауылындағы тездетілген өткізу пунктіне кішігірім электроқуаты жетпей тұрғанын айтса, екіншіден шекара басқармасына жетер жолдарда асфальт жоқ. Жауын жауған күндері ол жаққа жету қиын екенін жеткізді. Қ.Нүсіптің айтуынша, барлық ұсыныстар аудан әкімдігіне берілген екен.

IMG_5833

Әрмен қарай өңір басшысы аудан орталығындағы М.Ықсанов атындағы Жәнібек колледжінің материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында «Жас маман» жобасы бойынша алынған жаңа техникаларды көрді. Колледж жұмысын аталмыш оқу орынның директоры Берік Ықсанов айтып берді.

Өз кезегінде Нариман Төреғалиұлы колледжің І курс студенттерімен тілдесіп, оқудың маңыздылығын айтып, мемлекет бөліп отырған жеңілдіктерді тиімді пайдалану керектігін жеткізді. Сонымен қатар ол аудандық білім беру ұйымдарының басшыларымен кездесіп, білім сапасын жақсарту, балаларға дұрыс тәрбие беруді ұйымдастыру керектігін тапсырды.

IMG_5866
Содан соң Н.Төреғалиев «Бизнестің жол картасы - 2025» бағдарламасы аясында былтыр 5 млн теңге көлемінде грант ұтып алып, «AlimDent» тіс емханасын ашқан Алтынбек Ғұбайдуллинмен кездесті. Алтынбектің айтуынша, биыл жастарға арналған 2,5 пайыздық несие алып, тіс емханасын одан әрі кеңейтіп, қосымша тіс дәрігерлерін жұмысқа қабылдайтыны туралы жоспарымен бөлісті.

Гүлзара Мәди,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале