17.07.2022, 10:49
Оқылды: 70

«Нарынқұм-Жаңақала - 2022» марафоны өтуде

Бүгін Жаңақала ауданында алғаш рет Жаңақала ауданы әкімшілігі, Жаңақала аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі, Мәстексай ауылдық округінің әкімдігі, «Uralsk Runners» спорт клубы, «Power Qazaqstan» ЖШС жеке қоры, «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің Батыс Қазақстан облысындағы өкілдігі, «Janaqalarunners» әуесқой жүгірушілер тобының ұйымдастырумен «Нарынқұм-Жаңақала - 2022» трейл жүгіру жарысы өтуде.

WhatsApp Image 2022-07-17 at 10.10.02
Айта кетейік, іс-шараның ресми серіктестері – "Жайықмоторс" және "Тассай Уральск" компаниялары. Аталмыш марафонның мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, жүгіруді насихаттау, тұрғындарды, балаларды, жасөспірімдер мен жастарды дене шынықтырумен және спортпен тұрақты айналысуға тарту, ауданаралық, республикалық спорттық байланыстарды және спорттық туризмді дамыту. Ауданға қарасты Мәстексай ауылдық округінің құмдағы құт мекен Мұқыр ауылында өтіп жатқан жарыстың ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Ақнұрлы Еслямғалиева қатысушыларға сәттілік тіледі. Одан әрі "Uralsk Runners" және "Power Qazaqstan" ЖШС жеке қорының өкілі Руслан Мұхамбетқалиев және жарысқа қатысушы Галина Баглаева (Ақтау қаласы), Айбек Хамзаев (Ақтөбе қаласы), Райымбек Зайдогалиев (Шымкент қаласы), Булат Давлетьяров пен Нұрғали Халиев (Атырау қаласы), Нұрсбек Сексенбай (Алматы қаласы) құттықтау тілегін жолдады.

WhatsApp Image 2022-07-17 at 10.10.00
Бұдан соң өнерпаздар ән айтып, марафонға сақадай сай келген спортшылар жүгіруді бастап кетті.

WhatsApp Image 2022-07-17 at 10.10.01 (1)
Жарыс 98 пайыз құм, 2 пайыз қара жолда 8 шақырым және 16 шақырым қашықтықта өткізіледі. Барлық қашықтықтың сөресі мен мәресі құмды жердегі Мұқыр ауылының жанында орналасқан. 150-ге жуық спортшы Ақтөбе, Атырау, Шымкент, Алматы қалаларынан келсе, онлайн түрде Нұр-Сұлтан, Көкшетау, Карағанды, Алматы, Екібастұз, Ақтау, Шымкент, Атырау, Ақтөбе, Семей, Петропавл, Павлодар, Ақсай, Шахтинск, Риддер, Санкт-Петербург, Теміртау қалаларынан бақ сынауда.

Жаннұр Берікқызы,
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале