6.12.2023, 22:32
Оқылды: 180

Нәсібін кәсіптен тапқан жан

Казталов ауданында ауыл тұрғындары «Ауыл аманаты» бағдарламасына қатысып, игілігін көруде. Бостандық ауылдық округінде аталған бағдарламадан қалмай, өтінім берген 8 тұрғын болса, соның 7-нің өтініштері қабылданған. Олар үкіметтен 2,5 төмен пайызбен несие алған. Алынған қаражатқа кәсібін бастап жатқан азаматтар қатарында Нұржас Шарипов та бар.

IMG20231129092143

«Мал өсірсең – қой өсір, өнімі оның көл-көсір» демекші, Нұржас «Ерасыл» жеке кәсіпкерлігін құрып, қой өсіруді бастап отыр. Атадан мұра болған кәсіппен айналысуға үкіметтен 3 млн. 700 мың теңге несие рәсімдеп, қой малын сатып алған. Бұрын вахталық әдіспен шалғайда қызмет жасап жүрген азамат ауылда жаңа іс бастауға бел буған. Міне, нәтижесі де жаман емес. Нұржас Шарипов ауыл тұрғындары үшін керемет мүмкіндік берген үкіметтік бағдарлама арқылы аналық тоқтылар мен ұсақ малдың қысқы азығын да қоса алған. Кәсіпкер алдағы уақытта қой басын көбейтіп, шаруашылығын кеңейтуді көздеп отыр.

IMG20231129092020

Өздеріңіз куә болғандай, «Ауылда жұмыс жоқ» демей, мемлекеттік бағдарламаға қатысып, нәпақасын тауып жатқандар баршылық.

Нұр Рахман, 

Казталов ауданы

zhaikpress.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале